Президент олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, сол жиында еліміздегі алғашқы атом электр станциясының құрылысына да тоқталды.
Президент станцияға ат қою үшін байқау өткізуді ұсынды:
«Күні кеше станция құрылысы ресми түрде басталды. АЭС – бұл жай ғана энергетика нысаны емес, ол – ғылыми-техникалық прогрестің айқын символы. Бұл еліміздегі тұңғыш нысан болғандықтан, оған лайықты атау табуға арналған конкурс жариялауға болады деп санаймын».
Мемлекет басшысы мектеп оқушылары мен студенттерді белсенді қатысып, станцияға креативті атау ұсынуға шақырды.