«Әл-Жазираның» дерегінше, тілшілер Анас аш-Шариф пен Мұхаммед Крейке, сондай-ақ операторлар Ибрагим Захер, Мұхаммед Нуфаль және Муаммян Алива аурухананың бас қақпасы жанындағы журналистерге арналған шатырда болған кезде соққы жасалған.
Телеарна бұл оқиғаны «журналистика еркіндігіне жасалған тағы бір көзге көрінерліктей және әдейі бағытталған шабуыл» деп атады.
Соққыдан көп ұзамай Израиль армиясы нысана аш-Шариф болғанын растап, оны «террорлық ХАМАС ұяшығының жетекшісі» деп атады. Басқа қаза тапқан журналистер жайлы ЦАХАЛ ештеңе айтпады.