Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әзербайжан Алакөлде 20 млн долларға туристік кешен салуды жоспарлауда

Әзербайжан Алакөл жағалауында құны 20 миллион доллар болатын халықаралық емдеу-сауықтыру кешенін салуды жоспарлап отыр,- деп хабарлайды newsroom.kz

Әзербайжан Алакөлде 20 млн долларға туристік кешен салуды жоспарлауда

Бұл жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысан бір уақытта 800 адамды қабылдай алады. Жоба аясында 200 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Жоба өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға, жергілікті бюджетке салық түсімдерін көбейтуге және медицина мен демалыс тоғысындағы жаңа кластер қалыптастыруға мүмкіндік береді», – делінген әкімдік хабарламасында.

Кешеннің құрылысы туралы ақпарат Абай облысының әкімі Берік Уәлидің Түрік кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Аслан Құняровпен, Әзербайжан инвестициялық холдингі мен Әзербайжан бизнесті дамыту қорының өкілдерімен кездесуінде белгілі болды.

«2024 жылы біз Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен инвестициялық қорын құрдық. Егер Алакөлдегі жоба жүзеге асса, ол осы қор аясындағы алғашқы жобалардың бірі болуы мүмкін», – деді Әзербайжандағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Алим Байел.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату