Лудомания, яғни құмар ойынға тәуелділік те күрделі әлеуметтік мәселе. Онлайн-казино, бәс тігу платформалары адамдардың психологиясына әсер етіп, отбасының күйреуіне, қарызға батуға, тіпті қылмысқа баруына итермелеуде.
Мемлекет бұл қауіптерге қарсы заңнамалық және профилактикалық деңгейде жұмыс жүргізуде. Қаржы пирамидаларын ұйымдастыру қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Интернет-алаяқтықпен күресу үшін Ішкі істер министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігі арнайы бөлімшелер құрды. Сонымен қатар, ойынқұмарлықтың алдын алу үшін психологиялық көмек көрсету орталықтары жұмыс істеуде.
Алайда ең тиімді қорғаныс – қоғамның қаржылық және цифрлық сауаттылығы. Әр азамат бейтаныс сілтемеге өтпей, жеке деректерін сақтап, күмәнді инвестиция ұсыныстарына сенбеуі керек. Қоғамда «жеңіл пайда – алдамшы» екені кеңінен насихатталуы тиіс.
Қаржылық алаяқтықпен күрес – мемлекет пен азаматтардың ортақ міндеті. Тек бірлесе әрекет ету арқылы ғана біз қоғамның қауіпсіздігін, азаматтардың амандығын қамтамасыз ете аламыз.