Ең жоғары көрсеткіш – Ақмола облысында, бұл өңірдегі деңгей республикалық орташа көрсеткіштен жеті есе жоғары.
Ана өлімінің басты себептері:
- Жүрек, бүйрек сияқты экстрагениталды ауыр аурулар – 55% (10 жағдай),
- Акушерлік себептер – 45% (8 жағдай), – деді министр Ақмарал Әлназарова.
Сәбилер өлім-жітімінің артуы
Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Абай облыстарында тіркелді.
Негізгі себептері:
- Перинаталдық кезеңдегі асқынулар – 47,7%,
- Туа біткен даму ақаулары – 19,6%,
- Тыныс алу жүйесі аурулары – 7,6%.
Үйде сәби өлімі бойынша Павлодар, СҚО, Қостанай және Ұлытау облыстарында көрсеткіш республикалық деңгейден екі есе жоғары.