Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тоқаев Түрікменстанға БҰҰ конференциясына қатысу үшін барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барды.

Тоқаев Түрікменстанға БҰҰ конференциясына қатысу үшін барды

Түрікменбашы қаласының әуежайында Мемлекет басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды. Қысқа кездесу барысында тараптар қазақ-түрікмен қатынасының жоғары деңгейде екенін айтып, тату көршілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Президент Тоқаев форумның БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен өтуі — Түрікменстанның халықаралық беделі мен бейтараптықты ұстанатын сыртқы саясатының дәлелі екенін атап өтті. Ол Қазақстан бұл ұстанымды толығымен қолдайтынын айтты.

Өз кезегінде Гурбангулы Бердімұхамедов қос ел арасындағы ерекше байланысты атап өтіп, алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастық одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату