Жоспарланған жобалар қатарында ғарыштық лазермен жабдықталған "көзге көрінбейтін қайықтар", сондай-ақ ион қозғалтқышпен жұмыс істейтін соққы спутниктерін жасау идеясы бар.
Қытайда Starlink жүйесі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін деген көзқарас бар. Өйткені SpaceX компаниясының АҚШ билігімен байланысы тығыз деп саналады.
Бұған дейін Ресей мен Қытай санкциялық қысымға жауап ретінде АҚШ экономикасына жанама соққы жасағаны хабарланған еді. Атап айтқанда, Ресей Қытайға мыс экспортын күрт арттырса, Пекин бұл металды АҚШ-тан сатып алуды азайтқан.
Сарапшылар бұл әрекеттерді Вашингтон үшін тиімсіз сценарий деп бағалап отыр. Себебі Мәскеу мен Пекиннің жақындасуы АҚШ-тың геосаяси мүдделеріне қайшы келеді.