Дегенмен бұл жаңалық тек әскери техника жайлы хабар емес. Мұндай мәлімдеме – жаһандық саясаттағы күш көрсету мен қысымды білдіретін белгі. Атомдық сүңгуір қайықтар – ядролық арсенал тасымалдайтын ең құпия әрі қуатты құрал. Олардың қайда бет алғаны ресми айтылмаса да, бұндай дислокацияның артында геосаяси мүдде мен стратегиялық ойын тұрғаны анық.
Бұл қадам АҚШ-тың қарсы тараптарға беріп отырған саяси сигналы болуы мүмкін. Себебі соңғы уақытта Қытайдың Тайвань төңірегіндегі әрекеттері, Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылық – барлығы да АҚШ-тың әскери серпінін арттыруға түрткі болып отыр.