Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, мотоцикл жүргізушісі алдында тұрған арнайы көлік – Kia Sportage-пен соқтығысқан. Апат салдарынан 42 жастағы мотоцикл иесі оқиға орнында көз жұмды.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.