weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Apple компаниясы 3 млрд дана iPhone сатқан

2007 жылы алғашқы iPhone жарық көргелі бері Apple компаниясы 3 миллиард дана смартфон сатқан. Бұл туралы компания басшысы Тим Кук 2025 жылдың үшінші қаржылық тоқсанын қорытындылай келе мәлімдеді.

Apple компаниясы 3 млрд дана iPhone сатқан
Фото: ашық дереккөзден

Смартфон сатылымының рекордтық көрсеткіші Apple-дің тоқсандық табысын 94 миллиард долларға жеткізді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға көп. Оның 44,6 миллиарды — iPhone сатылымынан, бұл көрсеткіш 13%-ға артқан.

Сондай-ақ Mac компьютерлерінің сатылымы 15%-ға өсіп, 8 миллиард долларға жетті. Ал iPad сатылымы 8%-ға азайып, 6,5 миллиард доллар болды.