Видеода әйел адамның жоғарғы қабаттағы ернеуде біраз уақыт отырғаны, артынша кенеттен секіріп кеткені көрінеді. Құлаған сәтте алдымен кіреберістегі шатырға соғылып, кейін жерге құлаған. Бейнежазбадағы көрініске қарағанда алған жарақаты қатты ауыр болған.
Куәгерлердің айтуынша, әйел шамамен 40–45 жаста болған. Қазіргі уақытта оның жеке басы анықталған жоқ. Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. Ведомство «қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» деп мәлімдеді.