Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 шілде, 2025 / Перизат Ілес / auto.room

Грузияда автокөлік экспортының 80%-дан астамы Қазақстан мен Қырғызстанға жіберіледі

Грузияның автокөлік экспортының 80 пайыздан астамы Қырғызстан мен Қазақстанға тиесілі,- деп хабарлайды newsroom.kz

Грузияда автокөлік экспортының 80%-дан астамы Қазақстан мен Қырғызстанға жіберіледі

Анықталғандай, биылғы жылдың алғашқы алты айында Грузия 1,2 миллиард доллар көлемінде жеңіл автокөліктерді қайта экспорттаған. Бұл елдің жалпы экспортының 38 пайызын құрайды.

2021 жылдан бері Грузиядан көліктерді қайта экспорттау көлемі 493 пайызға өсті.

Автокөлік экспортының 81 пайызы Қырғызстан мен Қазақстанға бағытталған, бұл ақшалай есептеуде 981 миллион долларды құрайды.

Қаңтар-маусым айларында Қырғызстанға Грузиядан 681 миллион долларлық өнім экспортталды, оның ішінде 628,2 миллион доллар – автокөліктер. Ал Еуропалық одақ елдеріне экспорт көлемі небәрі 372,7 миллион долларды құрады.

Грузиядан экспортталған бір автокөліктің орташа құны үш есеге өскен: 2021 жылы 7 мың 600 доллар болса, 2025 жылы 24 мың доллардан асты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату