Қазір лавалар жанартаудың батыс беткейімен төмен ағып жатыр. Кратер маңында қызыл жалын мен жарылыстар байқалуда. Мамандар күл бағанының биіктігі 8–10 шақырымға дейін жетуі мүмкін екенін айтады.
Ключевская шоқысы бір апта бұрын-ақ белсенділігін көрсете бастаған. 26 шілдеге қараған түні ыстық лавина түскен, кейін уақытша тыныштық орнаған. Алайда 29 шілдеде жанартау қайта оянып, келесі күні күл мен жанартау тастарын атқылай бастады.
Теңіз деңгейінен 4850 метр биіктікте орналасқан Ключевская шоқысы Петропавловск-Камчатский қаласынан 360 шақырым қашықта жатыр.
Жанартау атқылауының қаупіне қарамастан, бұл көріністі тамашалауға өңірге туристер келе бастаған.