Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

ChatGPT-ге сеніп айтқаныңыз бір күні ашылуы мүмкін

OpenAI компаниясының бас директоры Сэм Альтман ChatGPT жүйесімен жазысқан жеке хабарламалар кей жағдайларда сот ісі барысында үшінші тарапқа қолжетімді болуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

ChatGPT-ге сеніп айтқаныңыз бір күні ашылуы мүмкін

«Егер адам ChatGPT арқылы жеке мәселелерін талқылап, кейіннен сот дауы туындаса, бізді бұл деректерді ұсынуға мәжбүрлеуі мүмкін. Меніңше, бұл дұрыс емес», – деді Альтман.

Ол заң жүзінде адвокатпен немесе психотерапевтпен арадағы хат алмасу құпиялығы қорғалатынын айтып, дәл осындай қорғау жасанды интеллект жүйелерімен сөйлесуге де қолданылуы тиіс деген пікір білдірді.

Бұған дейін халықаралық медиада ChatGPT қолданған кейбір адамдардың жүйке күйзеліске түскені туралы ақпараттар жарияланған еді. Өкінішке қарай,  қайғылы жағдаймен аяқталғандары да бар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату