Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тауға кетіп оралмаған жігіттің денесі табылды

Қайғылы оқиға туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 20 жастағы Алан 27 шілдеде тауға кеткеннен кейін байланысқа шықпай қойған. Сол күйі үйіне оралмаған.

Тауға кетіп оралмаған жігіттің денесі табылды

Іздеу жұмыстары басталған соң, Аланың достары әлеуметтік желілер арқылы волонтерлерге хабарласып, оның суретін жолдаған.

Бүгін Аланың денесі Молодежный шыңының маңынан табылды. Дәл сол бағытқа ол жексенбі күні бет алған. Құтқарушылардың айтуынша, бұл — өте күрделі маршрут. Шыңның биіктігі 4000 метрден асады, мұздықтар да бар.

Аланды іздеуге 50-ден аса адам, құтқару қызметінің мамандары, еріктілер және иттермен бірге шыққан кинологтар жұмылдырылған. Іздеу барысында 8 дрон қолданылған. Алайда амал не...

«Құтқарушылардың жоғары шығуы мен денені түсіруі шамамен бес сағатқа созылды. Қазір оқиға орнында Алматы қалалық полиция қызметкерлері мен ТЖД психологы жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді, тіпті ТЖМ-нің тікұшағы да көтерілді», – деді құтқарушылар.

Құтқарушылар тауға шығарда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату