Құрметті қарауыл сап түзеп, қонаққа құрмет көрсетілді.
Президент Тоқаев Ердоғанға қонақжайлығы үшін алғыс айтты.
– Сіз арнайы келіп қарсы алғаныңыз – мен үшін зор құрмет. Қазақстан мен Түркия арасында ешқандай келіспеушілік жоқ. Екі елді достық қана емес, өзара тиімді әріптестік те байланыстырады. Ертең маңызды келіссөздер өтеді, – деді Мемлекет басшысы.
29 шілдеде қос елдің көшбасшылары қазақ-түрік стратегиялық әріптестігін нығайту мәселесін талқылайды.
Анкара көшелеріне Тоқаевтың құрметіне баннерлер ілінді.
Қысқа әңгімеден соң қос президент Эсенбога әуежайынан ел астанасына бір көлікпен бет алды.
Тоқаевқа көрсетілген мұндай ілтипат – ерекше. Ердоғанның шетелдік әріптестерін әуежайда жеке қарсы алуы сирек кездесетін жағдай.