Қаңтар-маусым аралығында АХҚО арқылы Қазақстан экономикасына 2,6 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Жалпы алғанда, Қаржы орталығы іске қосылғалы бері елге 16,9 млрд доллар инвестиция құйылған.
2025 жылдың бірінші жартысында АХҚО қатысушылары ел бюджетіне 70 млрд теңгеден астам салық төлеген. Сонымен қатар, орталық экожүйесінде 10 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.
Astana International Exchange (AIX) биржасындағы сауда айналымы 2025 жылдың алғашқы жартысында 729 млн АҚШ долларын құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,2%-ға жоғары болды. Жаңа листингтер саны екі есеге жуық артқан. Биржа іске қосылғалы бері тартылған капитал көлемі 8,9 млрд доллар болса, соның 1,9 млрд доллары биылғы жартыжылдыққа тиесілі.