Айыпталушы – 31 жастағы Ернар Жиенбай, ол бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры болған. Қазіргі таңда оған «қасақана адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша айып тағылып отыр.
Сот отырысына Руслан Берденов келген жоқ. Соттың мәліметінше, ол әлі де ем қабылдап жатыр.
Айыпталушы залда фото және видео түсіруге қарсы болды. Осыған байланысты сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр.
Келесі тыңдалым алдағы күндері жалғасады.