Сауда үйлерінің басым бөлігі Шымкент қаласы (15 нысан) мен Қызылорда облысында (14 нысан) орналасқан.
Сондай-ақ алты ай ішінде елде жалпы аумағы 39 мың шаршы метрді құрайтын 60 супермаркет іске қосылды. Оларға 19,5 млрд теңге жұмсалған. Супермаркеттер ең көп ашылған өңірлердің қатарында Шымкент (21 нысан), Жамбыл мен Түркістан облыстары (әрқайсысында 12 нысан) бар.
Осы кезеңде елде 176 минимаркет пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 30,3 мың шаршы метрді құрайтын бұл дүкендердің құрылысына 11,2 млрд теңге кеткен. Минимаркеттер саны жағынан Түркістан (32), Жамбыл (22) және Қызылорда (20) облыстары көш бастап тұр.