Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Назарбаев әлемдегі ең бай көшбасшылардың үздік ондығына енді — байлығы 1 трлн теңгеден асады

Brand Vision зерттеу агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең дәулетті саясаткерлердің қатарына енді. Ол байлығы бойынша сегізінші орынға жайғасқан.

Назарбаев әлемдегі ең бай көшбасшылардың үздік ондығына енді — байлығы 1 трлн теңгеден асады
Фото: LRT

Назарбаевтың мүлкі 1–2 миллиард АҚШ доллары, яғни 1 триллион теңгеден астам деп бағаланған.

Рейтингте бірінші орын Ресей басшысы Владимир Путинге бұйырған. Екінші орында — Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах, ал үшінші сатыда Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мактум тұр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату