Бес айда отандық кәсіпорындар 36,3 мың тонна шырын өндірген. Сәйкесінше, отандық өнімнің үлесі ішкі нарықта 60%-ды құрап отыр.
Алайда, импорт көлемі де айтарлықтай ұлғайған: есепті кезеңде Қазақстанға 24,2 мың тонна шырын жеткізіліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға жоғары.
Экспорт керісінше, 0,4%-ға қысқарған. Шетелге 1,3 мың тонна ғана өнім жөнелтілген.
Жалпы, елдегі ішкі тұтыну көлемі де өскен: биылғы бес айда қазақстандықтар 59,3 мың тонна шырынтұтынған. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 54,2 мың тонна болған еді — яғни тұтыну 9,3%-ға артқан.