Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жыл басынан бері Астанада 982 мыңнан аса құқық бұзушылық тіркелді

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Астанада 683 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды.Оның 77 пайызы немесе 6,15 миллиард теңгесі өндірілді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жыл басынан бері Астанада 982 мыңнан аса құқық бұзушылық тіркелді

Құқық бұзушылықтарды анықтау нәтижелері

«Қорғау» жүйесінің көмегімен жалған мемлекеттік нөмір таққан 27 автокөлік анықталды. Сонымен қатар 452 адам жүргізуші куәлігінсіз, ал 83 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан көлік тізгіндегені белгілі болды.

Құқық бұзған жүргізушілерге қатысты тиісті шаралар қолданылды: 687 көлік айыптұраққа қойылып, 10 500-ден астам жүргізушіге жалпы сомасы 456,2 миллион теңге болатын берешегі туралы хабарлама жолданды. Сот шешімдерінің негізінде 560 адам жүргізуші куәлігінен айырылып, 750 адам әкімшілік қамауға алынған. Сонымен қатар 759 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды. 

Автоматтандыру және фото-бейне бақылау

Қалада жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында фото-бейне бақылау жүйесі белсенді түрде қолданылуда. Бүгінде елорда аумағында орнатылған шамамен 6 000 автоматты камераның көмегімен 2025 жылы 544 010 құқық бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 5,65 миллиард теңгеге айыппұл салынды. Оның 82 пайызы немесе 4,65 миллиард теңгесі өндірілген.
Жалпы алғанда, жыл басынан бері қалада 982 517 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылы – 661 073 жағдай) едәуір жоғары. Тіркелген бұзушылықтар бойынша 11 миллиард теңгеден астам айыппұл салынып, оның 8,9 миллиард теңгесі өндірілді (өндіру деңгейі – 75,3%).

Фото және бейнекамералар 710 047 бұзушылықты тіркеп, 7,5 миллиард теңге айыппұл салынды. Оның 83,2 пайызы немесе 6 миллиард теңгесі өндірілді. Бұл автоматтандырылған бақылау жүйесінің тиімділігін және жазаның бұлтартпастығын дәлелдейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жыл басынан бері жүргізушілер рекордтық мөлшерде айыппұл төлегенін мәлімдеген едік.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату