Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ресейде Ан-24 жолаушылар ұшағы апат болды — тірі қалғандар жоқ

Ресейде Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады – бортта 49 адам болған. Хабаровскіден Благовещенск арқылы Тындаға бағыт алған әуе кемесі радардан жоғалып кеткен,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ресейде Ан-24 жолаушылар ұшағы апат болды — тірі қалғандар жоқ

Ұшақ «Ангара» әуе компаниясына тиесілі болған. Бортта 43 жолаушы, оның ішінде бес бала және алты экипаж мүшесі болған.

Ан-24 ұшағы Тында әуежайына қонар алдында екінші айналымға кеткен кезде жоғалып кеткен. Экипаж тарапынан дабыл сигналы берілмеген.

Ан-24 ұшағын іздеу жұмыстары басталды, бірақ Амур облысының таулы тайгасы іздеуді қиындатқан.

Кейінірек Ан-24 ұшағының апатқа ұшыраған орны таулы аймақта табылғаны хабарланды. Апат орнында ұшақтың жанып жатқан фюзеляжы анықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, тірі қалғандар жоқ.

Белгілі болғандай, жоғалған Ан-24 ұшағы шамамен 50 жыл бұрын жасалған. Дегенмен, авиациялық қызметтердің мәліметінше, оның ұшу жарамдылығы сертификаты 2036 жылға дейін ұзартылған.

Бұған дейін Ан-24 ұшағы жоғалып, дабыл бермегені туралы хабарланған. Ұшқыш бірінші талпыныстан қона алмай, екінші айналымға кеткеннен кейін байланыс үзілген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату