Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Джип пен кроссоверге салынатын көлік салығы төрт есе азаяды

2026 жылдан бастап қозғалтқыш көлемі 3-тен 4 литрге дейінгі көліктердің иелері көлік салығын қазіргі мөлшерден төрт есе аз төлейтін болады. Бұл өзгерістер Қасым-Жомарт Тоқаев 18 шілдеде қол қойған жаңа Салық кодексінде қарастырылған, деп хабарлайды newsroom.kz Kolesa.kz-ке сілтеп.

Джип пен кроссоверге салынатын көлік салығы төрт есе азаяды
Фото: dknews.kz

Қазіргі уақытта қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын көліктерге салынатын салық мөлшерлемесі мынадай:

  • 3000–3200 см³ – 35 АЕК
  • 3200–3500 см³ – 46 АЕК
  • 3500–4000 см³ – 66 АЕК
  • 4000–5000 см³ – 130 АЕК
  • 5000 см³ жоғары – 200 АЕК

2026 жылдан бастап бұл салықтар төмендетіледі:

  • 3000–4000 см³ – 15 АЕК
  • 4000 см³ жоғары – 117 АЕК

Мысалы, 2022 жылғы 4 литрлік Toyota Land Cruiser Prado үшін қазіргі есеппен 66 АЕК немесе 273 768 теңге төлеу қажет болса, жаңа ережемен 15 АЕК немесе 62 220 теңге ғана төленеді – бұл төрт есе аз.

Ал қозғалтқыш көлемі 5663 см³ болатын Lexus LX 570 көлігіне салынатын салық 834 241 теңгеден 496 957 теңгеге дейін қысқарады.

Бұдан бөлек, көлік жасына қарай төмендетілген коэффициенттер де енгізіледі:

  • 10 жылдан асқан көліктерге – 30% жеңілдік
  • 20 жылдан асқандарына – 50% жеңілдік

Бұған дейін вице-премьер Серік Жұманғарин бұл жеңілдік Қазақстандағы 4 миллион ескі көлікке қатысты болатынын айтқан еді. Нәтижесінде азаматтар 30 миллиард теңге үнемдей алады.

Жаңа Салық кодексінің нормалары 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату