Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

24 шілдеде Алматыда дабыл қағылады: тұрғындардан сабыр сақтау сұралды

Алматылықтардан 24 шілде, бейсенбі күні жоспарлы жаттығу кезінде сабыр сақтап, қауіпсіздік ережелерін ұстану сұралады.

24 шілдеде Алматыда дабыл қағылады: тұрғындардан сабыр сақтау сұралды
Фото: pexels

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24 шілде күні сағат 10:00-де "Жер-2025" республикалық оқу-жаттығуы аясында Алматыда дабыл жүйесінің жұмысы тексеріледі. Осыған байланысты дабыл дыбыстары қосылып, эвакуациялық ескерту беріледі.

«Тұрғындардан үрейге бой алдырмай, қауіпсіз жерге эвакуациялануды сұраймыз», – делінген ресми хабарламада.

Департамент қала сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын еске салып, алматылықтарға эвакуация жолын алдын ала белгілеп қоюды ұсынды. Қауіпсіз орын ретінде ағаштардан, электр сымдарынан және ғимараттардан алыс ашық алаңдар есептеледі.

Бұған дейін "Жер-2025" жаттығуы 23-24 шілде аралығында Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында өтетіні хабарланған. Бұл аймақтарда дабыл дауысы естіледі және халық көп жиналатын нысандарда сейсмотренингтер ұйымдастырылады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату