weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тартпақ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың киікті сыйға тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Тоқаев Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тартпақ
Фото: ortcom.kz

Azattyq Rýhy-ның айтуынша Ақорда бұны растаған.

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1.5 мың киік беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Қытайдың батыс бөлігінде жерсінетін ақбөкендер көрші елдегі осы жануардың популяциясын қалпына келтіруге септігін тигізбек. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын көбейту үшін жүйелі шаралар жоспарланғанын жеткізді», — делінген хабарламада.

Бұл ақбөкендер көрші елдегі киік популяциясын жандандыру үшін Қытайдың батыс өңірін мекендейді.