Апат 21 шілде күні күндіз Дакканың Уттара ауданында орналасқан жеке Milestone School and College білім мекемесінің аумағында болған. Сол сәтте оқу орнында сабақ пен емтихандар өтіп жатқан. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ кенеттен биіктігін жоғалтып, ғимаратқа құлап түскен, артынан бірден өрт шыққан.
Құлаған ұшақ — F-7 BGI үлгісіндегі жаттығу ұшағы. Ол Бангладеш әскери-әуе күштерінде ұшқыштарды даярлау үшін қолданылған. Ұшақ апаттан бірнеше минут бұрын ғана әскери аэродромнан ұшып шыққан. Қазір апаттың нақты себебі анықталып жатыр, өрт сөндіру қызметі мен азаматтық қорғаныс өкілдері тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Ұшақты басқарған лейтенант Товкир Ислам Сагар аман қалған. Ол дереу әскери госпитальға жеткізілген.