Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда туберкулезбен ауыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеді

Соңғы он жылда Қазақстанда туберкулезге шалдығу жағдайлары едәуір азайған. Бұл туралы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Аденов мәлімдеді.

Қазақстанда туберкулезбен ауыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеді
Фото: парламентская газета

Маманның айтуынша, 2014 жылдан бері:

  • жалпы сырқаттанушылық — 43%-ға;
  • балалар арасында сырқаттанушылық — 50,3%-ға;
  • ауру таралуы — 52%-ға;
  • өлім-жітім — 75,6%-ға төмендеген.

«Аурудың таралуы мен өлім көрсеткішін төмендету — БҰҰ тұрақты даму мақсаттары аясында 2025 жылға жоспарланған межелер еді. Алайда Қазақстан бұл көрсеткіштерге бір жыл бұрын, 2024 жылы-ақ қол жеткізді», — деді Аденов.

2025 жылдың алғашқы алты айында да оң динамика жалғасқан:

  • сырқаттанушылық — 13,9%-ға;
  • таралу — 16,1%-ға;
  • балалар арасындағы сырқаттанушылық — 6,7%-ға;
  • өлім-жітім — 20%-ға азайған.

Сондай-ақ белсенді туберкулезбен есепте тұрғандардың саны да төмендеген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 56%-ға азайып, 8,7 мың адамды құраған. 2025 жылдың жартыжылдығында тағы 609 адамға кеміген.

Мамандар туберкулезді ел көлемінде толық жоюды 2035 жылға дейін жүзеге асыруды көздеп отыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату