Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстандық атом электр станциялары «Самұрықтан» агенттікке өтті

«Қазақстандық атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Самұрық-Қазына» қорынан Атом энергетикасы жөніндегі агенттікке өтті, деп хабарлаймыз ҚазАқпаратқа сілтеп.

Қазақстандық атом электр станциялары «Самұрықтан» агенттікке өтті
Фото: economist

– «Қазақстандық атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ҚР Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №861 Жарлығы бойынша Атом энергетикасы жөніндегі агенттікке бағынысты ұйымдар қатарына енгізілді, – деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.
Дегенмен «ҚАЭС» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100 пайыз үлесі формалды түрде «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының меншігінде қалып отыр. АЭС салу жобасын жеделдету үшін «Самұрық» пен агенттік арасында сенімгерлік басқару шарты жасалған.

– Осы шарт бойынша агенттікке «ҚАЭС» ЖШС-нің үлесін басқару құқығы берілді. Оның ішінде стратегиялық және операциялық сипаттағы шешімдер қабылдау өкілеттіктері де бар. Сонымен қатар, «ҚАЭС» ЖШС үлесін республикалық меншікке беріп, агенттікке бекіту бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп жазылған ресми мәліметте.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату