weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбеде қаза тапқан курсант полковниктің ұлы боп шықты

Ақтөбеде қаза тапқан курсант – әскерилер отбасынан шыққан.

15 шілде күні Ақтөбеде Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты оқу-жаттығу кезінде көз жұмды. Әскери мекеменің хабарлауынша, ол парашютпен секіру барысында апатқа ұшыраған. Алдын ала деректер бойынша, секіру кезінде негізгі парашюті ашылмаған. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ақтөбеде қаза тапқан курсант полковниктің ұлы боп шықты
Фото: sttuterstock

Қайтыс болған курсант – Бақыт Асарбаев биыл тамызда 19 жасқа толар еді. Ол аталған әскери оқу орнының екінші курсында оқыған. Halyqstan Telegram-арнасының хабарлауынша, Бақыт әскери отбасында тәрбиеленген: әкесі – Астана гарнизонында қызмет ететін полковник, туған ағайындары да – әскери қызметшілер.

Қорғаныс министрлігі марқұмның денесін елордаға жеткізуді өз мойнына алып, отбасына тиісті көмекті көрсететінін мәлімдеді. Министр Даурен Косанов Бақыт Асарбаевтың туған-туыстарына көңіл айтты.

Бұған дейін Астанадағы авиациялық база аумағында әскери қызметкердің қауіпсіздік талаптарын сақтамауы салдарынан ауыр жарақат алғаны хабарланған болатын. Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігінің Әуе қорғаныс күштері растады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→