weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Парашют ашылмай қалған: Ақтөбеде секіру кезінде курсант қаза тапты

Ақтөбеде жоспарлы оқу-жаттығу кезінде парашютпен секірген әскери курсант қаза тапты, деп хабарлайды Newsroom.kz Қорғаныс күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс бас басқармасына сілтеме жасап.

Парашют ашылмай қалған: Ақтөбеде секіру кезінде курсант қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Ресми ақпаратқа сүйенсек, қайғылы жағдай 2025 жылғы 15 шілдеде әскери жаттығу барысында болған. Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты парашютпен секіру кезінде ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, парашют толық ашылмаған.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Әуе қорғаныс күштері қаза тапқан курсанттың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→