weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

70 млн еуроға ғарышқа барған туристер Жерге оралды

15 шілде күні SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесінің капсуласы Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) оралып, Калифорния жағалауындағы мұхитқа сәтті қонды. Бұл туралы SpaceX өздерінің тікелей эфирінде хабарлады.

70 млн еуроға ғарышқа барған туристер Жерге оралды

— Dragon капсуласы суға қонды, Жерге қош келдіңіздер, — делінген компанияның X әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

DW мәліметіне сүйенсек, капсула ХҒС-тан 14 маусымда ажыраған. Ғарышкерлер орбитада шамамен үш аптаболды, бастапқыда сапар екі аптаға жоспарланған болатын.

Crew Dragon ғарышқа Axiom Space және SpaceX компаниялары бірлесіп ұйымдастырған Ax-4 миссиясыаясында ұшырылды. Кемені ұшыру бірнеше рет кейінге шегерілген — бірде Falcon 9 зымыранындағы сұйық оттек ақауы, енді бірде станция модуліндегі жөндеу жұмыстары себеп болған.

Экспедиция құрамында Жерге оралғандар:

Пегги Уитсон – NASA-ның бұрынғы астронавты, экипаж командирі (бұл – оның бесінші ғарыш сапары);

Шубханшу Шукла – Үндістандық ұшқыш;

Славош Узнаньски-Вишневски (Польша) және Тибор Капу (Венгрия) – Еуропа ғарыш агенттігінің өкілдері.

БАҚ деректеріне қарағанда, мұндай жеке ғарыш сапарына билет құны шамамен 70 миллион еуро тұрады.

Бұл – Axiom Space компаниясының ХҒС-на ұйымдастырған төртінші жекеменшік миссиясы. Сонымен қатар, бұл сапар – станцияға жасалған ең ұзақ коммерциялық экспедиция ретінде тіркеліп отыр.

Жеке миссиялар – NASA-ның жаңа стратегиясының бір бөлігі. Агенттік алдағы уақытта Ай мен Марсқа бағдарланған бағдарламаларға назар аударып, Жер төңірегіндегі орбитаны коммерциялық секторға беруді жоспарлап отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→