– Тағы қайталап айтам: тарифтердің өсу қарқынын баяулату – олардың мүлде өспейтінін білдірмейді. Мұны бәрі дұрыс түсінуі керек. Мен өзімді жақсы жағынан көрсеткім келмейді. «Тариф өсімін тоқтатам» деп айта алмаймын. Жоқ, тоқтатпаймыз. Өсе береді. Өседі және осының есебінен тұрғын үй-коммуналдық салаға инвестиция тартылады, – деді ол.
Сондай-ақ премьер «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының тиімділігін атап өтті. Оның сөзінше, осы бағдарлама аясында коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға 605 млрд теңге тартылған.