weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Жұмыс жоқ» деген сөз болмауы керек: Бектенов еңбек нарығындағы жағдайды айтты

Қазақстанда жұмыс орындары жеткілікті, ал еңбек нарығында кадр тапшылығы байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

«Жұмыс жоқ» деген сөз болмауы керек: Бектенов еңбек нарығындағы жағдайды айтты
Фото: Жасанды интеллект

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаевтың айтуынша, жыл басынан бері жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасына 845 мың бос жұмыс орны туралы өтінім орналастырған. Оның 432 мыңы жұмысшы мамандықтарға тиесілі.

Министрдің мәліметінше, азаматтардың 60–70%-ы осы портал арқылы жұмыс табады. Сонымен қатар бос жұмыс орындарының 30–40%-ына маман табылмай отыр. Осыған байланысты жұмыс берушілер кей жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартуға мәжбүр.

«Жыл сайын елімізге жұмысқа орналасу үшін шамамен 300 мың шетелдік келеді», – деді Аскарбек Ертаев.

Осы мәліметтерді нақтылаған Премьер-министр Қазақстанда жұмыс іздеген адамға мүмкіндік бар-жоғын сұрады.

«800 мыңнан астам, шамамен 1 млн бос жұмыс орны бар деген сөз бе? Яғни жұмыс істегісі келген адам жұмыс табады ғой?» – деп сұрады Олжас Бектенов.

Министр бұл пікірмен келісті.

Бектенов сондай-ақ өндірістің тоқтап қалмауы үшін Қазақстан шетелден мыңдаған маман тартуға мәжбүр болып отырғанын атап өтті.

«Мұны халыққа түсіндіру керек! Елде “жұмыс жоқ” деген сөз болмауы керек. Ондай жоқ», – деді Үкімет басшысы.

Бұл ретте еңбек нарығында мәселе мүлде жоқ дегенді білдірмейді. Негізгі мәселелердің бірі – жұмыс берушілер ұсынатын бос орындар мен азаматтардың білімі мен дағдыларының сәйкес келмеуі. Яғни кейбір салаларда жұмыс күші жетіспесе, басқа бағыттарда мамандар жұмыс табуда қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Үкімет отырысында еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты сәйкестендіру, жұмысшы мамандықтарға жастарды тарту және кадр тапшылығын азайту мәселелері де талқыланды.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→