Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 12:45 / Перизат Ілес / Әлем

Түркияда әуежай әжетханасына баласын тастап кеткен ресейлік әйел бостандыққа шықты

13 шілдеде Түркияда тоғыз ай түрмеде отырған 19 жастағы ресейлік Екатерина Бурнашкина бостандыққа шықты. Ол сәбиін босанып, Анталия әуежайының әжетханасына тастап кеткен,- деп хабарлайды newsroom.kz

Түркияда әуежай әжетханасына баласын тастап кеткен ресейлік әйел бостандыққа шықты

Ajans 344 хабарлағандай, әйел енді қызын қайтаруды жоспарлап отыр. Жергілікті сот оған 15 жыл берді, бірақ енді апелляциялық шағымдан кейін үкімнің күші жойылды және Екатерина жақында отанына оралуы мүмкін.

Бостандыққа шыққаннан кейінгі алғашқы сұхбатында әйел баласын алып, оны өсіргісі келетінін айтты. Сол кезде телефонындағы қызының суреттерін сүйіп жылап жіберді.

Өткен жылдың 13 қазанында Анталия әуежайындағы дәретханадан тазалықшы әйел қанды сәбиді тауып алған. Жас ана камераға тез түсіп қалған. Екатерина мен оның анасын полицейлер ұстады, ал сәби ауруханаға жіберілді.

Кейін сот отырысында ол өзінің артық салмағына байланысты жүкті екеніне күдіктенбегенін, сонымен қатар қызды алмақшы екеніне сендірді. Алайда ақпан айында ол «кісі өлтіруге оқталу» үшін 15 жылға сотталды.

Анасы атын Николь деп атаған қызды бір ай бұрын – 12 маусымда ұзақ дипломатиялық әрекеттен кейін ғана Ресейге алып кету мүмкін болды. Ол Мәскеу облысындағы «қонақ» патронаттық отбасына ауыстырылды.

Ал енді түрік соты қатаң жазаны қайта қарады: бап «кісі өлтіруге оқталу» орнына әлдеқайда жеңілірек - «қауіп жағдайында тастап кету» деген бапқа ауыстырылды. Екатерина қазірдің өзінде бостандықта, жақын арада ол Ресейге оралып, қызын қайтаруға тырысады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату