Мемлекеттік айыптаушы «Biz Birgemiz» қоғамдық бірлестігі 2021 жылғы 11 қазанда тіркелгенін айтты. Осылай, Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева банк шоттарын ашып, елден ақша жинай бастаған.
Прокурордың сөзіне қарағанда, жиналған қаражаттың басым бөлігін Перизат Қайрат пен оның анасы жеке қажеттеріне жаратқан. Олар қымбат заттар сатып алып, ақшаны саяхатқа құртқан-мыс.
Тергеу нұсқасы бойынша, 2021-2024 жылдар аралығында Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева қайырымдылыққа делінген 3,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырған.
Ал Перизат Қайрат сотта кінәсін мойындамады. Ол «Айыптаудағы уәждер дәлелденбеген. Тергеушілердің қиялына жауап бермеймін» деп пікір білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін судья Перизат Қайраттың өтінішін ішінара қанағаттандырып, айыпталушылардан жауап алу жабық форматта өтетін хабарлаған.