Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қытайда кибер-аралар жасалып жатыр

Қытайлық ғалымдар аралардың қозғалысын басқара алатын әлемдегі ең жеңіл ми басқару құрылғысын жасап шығарды. Бұл жаңалық болашақта араларды әскери барлау немесе зілзаладан кейінгі іздеу-құтқару жұмыстарында қолдануға мүмкіндік беруі мүмкін.

Қытайда кибер-аралар жасалып жатыр

Бал аралары табиғатынан жүк көтеруге қабілетті — олар салмағы өз денесінің 80 пайызына тең тозаң немесе нектар толы қоржынды алып ұша алады. Тіпті демалмастан 5 шақырымға дейін ұша алады. Пекин технологиялық институтының профессоры Чжао Цзелян бастаған зерттеу тобы салмағы небәрі 74 миллиграмм болатын арнайы құрылғы жасап шығарған. Бұл — бір ара таситын орташа нектар қоржынына қарағанда да жеңіл.

Құрылғы араның арқа тұсына бекітіледі және миға енгізілетін үш инемен жұмыс істейді. Электронды импульстар арқылы араға оңға, солға бұрылу, алға немесе артқа ұшу сияқты бұйрықтар беріледі. Тәжірибе көрсеткендей, он жағдайдың тоғызына ара бұйрықты дәл орындайды.

Айта кетейік, бұған дейін Сингапур ғалымдары жасаған ең жеңіл кибер-контроллер бұған қарағанда үш есе ауыр болған. Ол құрылғы қоңыз бен тарақанды басқаруға арналған еді, алайда бұл жәндіктер қысқа ғана қашықтыққа баяу қозғалатын және тез шаршап қалатын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату