Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әйелін жанармай бекетінде ұмытып кетіп, 300 шақырым жүрген соң ғана аңғарған

Парижден Мароккоға сапар шеккен отбасы жолда ерекше оқиғаға тап болды. Таң ата 62 жастағы әке Орлеан маңындағы жанармай құю бекетіне аялдайды. Кейін көлігіне қайта отырған ол алдыңғы орында ұйықтап жатқан 22 жастағы қызын көріп, жолын жалғастыра береді. Әйелінің көлікте жоқ екенін ол мүлде байқамай, төрт сағат бойы тоқтамастан жүріп өткен.

Әйелін жанармай бекетінде ұмытып кетіп, 300 шақырым жүрген соң ғана аңғарған
Фото: 024.by

Әйелінің жоқ екенін тек 300 шақырым жол жүргеннен кейін ғана аңғарған ол дереу полицияға хабарласқан. Алайда мәселе күрделене түседі — ер адам аялдаған жанармай бекетінің нақты орнын есіне түсіре алмай, шамамен Орлеан маңында болғанын ғана айтады. Полиция бірнеше бекет пен тұрақты тексеріп, оқиғаның уақытын қалпына келтіруге тырысады. Алайда әке мен қыздың айтқандарында алшақтықтар көп болғандықтан, тергеушілер бұл кездейсоқтық емес, әдейі жасалған әрекет болуы мүмкін деген күдікке де барған.

Абырой болғанда, күмән расталмады. Полиция әйелдің ұялы телефоны арқылы оның нақты орналасқан жерін анықтап, сол жанармай бекетінде қалғанын білді. Ер адамға кері бұрылып, әйелін алып кету тапсырылды.

Жылдам тергеуден кейін ешқандай қасақана әрекет болмағаны нақтыланып, отбасы қайта қауышып, сапарын жалғастырды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату