Әкімдік, мемлекеттік кірістер басқармасы мен полицияның қызметкерлері букмекерлік кеңселер арқылы бәс тіккен. Олар бұл әрекетті тыйым салынғаннан кейін де жалғастырған.
«2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге, оның ішінде онлайн түріне қатысуы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу болып есептеледі», — деп еске салды Бас прокуратура.
Мысалы, әкімдік қызметкерлерінің бірі OLIMPBET букмекерлік кеңсесінде ойын шотын 34 миллион теңгеден астам қаржымен толықтырған. Тыйым салынғаннан кейін де тағы 1,7 миллион теңге салып, соның 971 мың теңгесін ұтылып қалған. Ол жұмыстан қуылды.
Айта кетейік, Қазақстанда 150 мыңнан астам азамат құмар ойыннан өз еркімен бас тартқан.