Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қажылыққа жинаған ақшасын мүгедектерге берген қария муфтият қолдауымен қажылыққа баратын болды

90 жастан асқан павлодарлық Сағадат Жұмабаев өмір бойы армандаған қажылыққа бару үшін ұзақ жылдар бойы ақша жинаған. Қарияның жиғаны шамамен 3,5 миллион теңге болған. Алайда, жасы ұлғайғандықтан қажылыққа серіктес адамсыз баруға рұқсат берілмеген, ал қария қарттар үйінде тұрады, жақындары жоқ.

Қажылыққа жинаған ақшасын мүгедектерге берген қария муфтият қолдауымен қажылыққа баратын болды
Фото: ҚМДБ

Сағадат ақсақал қажылыққа деп жинаған қаражатын мұқтаж балаларға беруді жөн көрген. Оның қайырымдылығы нәтижесінде 30 мүмкіндігі шектеулі балаға 120 мың теңгеден үлестірілді.

Бұл оқиға ел арасында кең тарағаннан кейін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасыарнайы тапсырма беріп, Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы қарияға тегін қажылық жолдамасын табыстады.

Муфтият бұл игі істі ерекше бағалап, қарияның ниетін қолдағанын хабарлады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату