Мемлекет басшысы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен арадағы сауда және инвестициялық серіктестігін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ екі ел арасындағы әділ, түсінікті әрі өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілді екенін атап өткен.
Президент Тоқаев сауда мәселелері бойынша рационалды шешім қабылдау мақсатында Қазақстан тарапының конструктивті диалогқа дайын екенін жеткізген.
Мемлекет басшысы саудадағы қазіргі түйткілдерді бірлесе шешіп, ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірген.
Айта кетейік, осы апталарда АҚШ басшысы 25 елге сауда қатынастары хат жазып еді.