Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Найзағайлы жаңбыр: 10 шілдеге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, 10 шілде, сәрсенбі күні Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады.

Найзағайлы жаңбыр: 10 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.

Алматыда бұлт аралас, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Жел 3–8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Ауаның температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +34…+36°C. Жел 5–10 м/с.

Ақтауда да күн ашық. Жел 9–14 м/с. Түнде +26…+28°C, күндіз +37…+39°C.

Ақтөбеде жаңбыр жауады, кей тұстарда қатты болады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы, екпінді жел соғуы ықтимал. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.

Атырауда күн ашық. Түнгі жел 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с, кей сәтте 15–18 м/с. Температура түнде +22…+24°C, күндіз +32…+34°C.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз. Түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C. Жел 6–11 м/с.

Қарағандыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C. Жел 6–11 м/с.

Көкшетауда да жауын жаумайды. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C. Жел 3–8 м/с.

Қонаевта өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы мүмкін. Жел 9–14 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.

Қостанайда бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +27…+29°C.

Қызылордада күн ашық. Жел 9–14 м/с. Түнде +23…+25°C, күндіз +35…+37°C.

Павлодарда жауын-шашын болмайды. Жел 7–12 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.

Петропавлда да жауынсыз. Түнгі жел 1–6 м/с, күндіз 7–12 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C.

Семейде күн ашық. Жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.

Талдықорғанда жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 5–10 м/с, найзағай кезінде 15–20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.

Таразда кей уақытта жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.

Түркістанда жауын-шашын болмайды. Жел 8–13 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C.

Оралда өткінші жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 18 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.

Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей тұста бұршақ болуы мүмкін. Жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату