Оқиға 7 шілде күні болған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, 47 жастағы Қанат Дәулеталин 2016 жылдан бері ауыл әкімі қызметін атқарып келеді. Ол — осы өңірдің тумасы, үш баланың әкесі. Еңбек демалысына 30 маусым мен 22 шілде аралығында шыққан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас ауруханаға жеткізіліп, жалпы палатаға орналастырылған. Алайда нақты диагнозы жария етілмеді. Себебі заң бойынша, медициналық ақпарат тек науқастың рұқсатымен ғана берілуі тиіс. Әзірге ол келісім бермеген.
Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады. Қосымша деректер жарияланбай отыр.