weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

“Миы шайқалған“: Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады

8 шілдеде Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады,- деп хабарлайды newsroom.kz

“Миы шайқалған“: Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады
Фото: Stan.kz

Оқиға облыстағы тас жолдардың бірінде болған. Салдарынан Масабаев көптеген дене жарақаттарын алып, шұғыл түрде Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Масабаевтың миы шайқалған. Сондай-ақ кеуде қуысы ағзаларының жабық жарақаты, қабырға сүйектерінің көгеруі мен сынуы анықталған.

Соңғы деректерге сәйкес, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы, әкім орынбасарының жағдайы тұрақты екенін және есін жиғанын жеткізді.