Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 маусым, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

Қызылордалық кәсіпкерлер әкімдерге дән риза

Қызылорадылық кәсіпкерлер әкімдерге дән риза.

Қызылордалық кәсіпкерлер әкімдерге дән риза
Фото: ашық дереккөз

Қызылорадылық кәсіпкерлер әкімдерге дән риза. Экономиканы әртараптандыруда кәсіпкерлердің де рөлі зор. Мұны қызылордалық бизнес өкілдерінің өздері ашық айтып отыр.

Осы орайда, біз өңірлік кәсіпкер, «Syr Agro Group» ЖШС директоры Марат Тілеповтің пікірін сұрадық:

— Бұрын бәрі тек күрішпен шектелетін. Бірақ нарық қатты өзгерді. Біз енді өнімді өңдеу мен экспорттауға бет бұрып жатырмыз. Өзім қазір майлы дақылдарды өңдейтін цех ашып жатырмын. Мемлекет қолдауы бар, бірақ кәсіпкер де батыл қадам жасауы керек. Бастысы – сапа мен тұрақты өндіріс. Қазіргі тұтынушы сапалы әрі экологиялық таза өнім іздейді, – дейді ол.

Марат Тілеповтың айтуынша, шағын және орта бизнеске арналған салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік субсидиялар мен «Бизнестің жол картасы» аясындағы жеңілдетілген несиелер – кәсіпкерлікке үлкен мүмкіндік. Бірақ ол бюрократиялық кедергілерді азайтуды, жер телімін рәсімдеудегі ашықтықты арттыруды ұсынады.

Сала сарапшылары мен кәсіпкерлердің пікірін түйіндей отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: Қызылорда облысы өз болашағын шикізатқа емес, инновацияға, агросекторға, шағын және орта бизнеске, баламалы энергияға негізделген экономикалық модельмен құруға ниетті. Бұл үшін тұрақты саясат, кадр даярлау, инфрақұрылымды жетілдіру және халықпен кері байланыс аса маңызды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату