Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мал шаруашылығы қарқынды өсіп келеді

2025 жылдың қаңтарында елімізде сиыр етін өндіру көлемі 5,2%-ға артып, 24,7 мың тоннаға жетті. Ал 2024 жылы жалпы ет өндірісі 430 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ға жоғары.

Мал шаруашылығы қарқынды өсіп келеді

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан шетелге 249 мыңнан астам ірі қара мал экспорттаған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төрт есе көп. Ал жылқы экспорты 12 есеге артқан.

Бүгінде ел аумағында 249 бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр, олардың базасында 174 мыңнан астам мал бордақылануда. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының арқасында биылдың өзінде 130 мың басқа бордақылау үшін 6,4 миллиард теңге субсидия төленген.

Қазақстан мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін күшейтіп, фермерлік шаруашылықтарды дамыту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату