Өнеркәсіптік әлеуеті жоғары және мұнай-газ саласында мол тәжірибесі бар екі өңір үшін бұл кездесу бірлескен жобаларды талқылау және экономикалық перспективаларды бағалау мүмкіндігі болды. Кездесу барысында аймақ басшысы Серік Шәпкенов Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының «алтын 30 жылдығының» басталуына байланысты Атырау облысы өңірлік деңгейдегі ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуға дайын екенін атап өтті.
"Жалпы, Атырау облысы әлемнің 100-ден астам елімен табысты байланыс орнатқан. Нәтижесінде өңірде 2 мыңға жуық бірлескен және шетелдік компаниялар құрылып, жұмыс істейді. Оның ішінде Қытай капиталының қатысуымен 38 кәсіпорын бар. Бұл компаниялар мұнай-газ өңдеу, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы инвестициялық тартымдылықты арттыруға өз үлесін қосуда. "Экономикаға инвестиция тартуға дайын, өндірісті дамытуға дайын инвесторлар бар", - деді ол.
Бұл кездесуге Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі қолдау көрсетті. Ляонин провинциясы Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан. Құрамына 14 қала кіреді, жалпы халық саны 40 миллионнан асады.