Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Атырау облысының балық экспорты 6 айда 2800 тоннаға жетті

Атырауда жарты жылда 6500 тоннаға жуық балық ауланып, оның 2800 тоннаға жуығы шетелге экспортталды. Мұндай мәліметтерді Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бекзат Сәрсенғали айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Атырау облысының балық экспорты 6 айда 2800 тоннаға жетті

Облыста Жайық-Каспий бассейнінде 18 балық шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді. Олар балықты аулаумен де, өңдеумен де айналысады. 2024 жылдың 1 шілдесінен бүгінгі күнге дейін облыста 10 мың тоннадан астам балық ауланған. Оның 1820 тоннасы Жайық өзенінен, 3148 тоннасы Қиғаштан, 6000 тоннасы Каспий теңізінен ауланғаны көрсетілген.

Уылдырық шашу және көбею кезеңінде, сондай-ақ мұз түзілу кезінде балық аулау тоқтатылады. 25 мамыр мен 31 тамыз аралығында Каспий теңізінің Атырау облысына қатысты аймағында, ал 16 мамыр мен 15 тамыз аралығында Жайық және Қиғаш өзендерінің бірқатар учаскелерінде балық аулауға тыйым салынды. 

"Уылдырық шашу және көбею кезеңінде су ресурстарын қорғау мақсатында жекелеген аумақтарда балық аулауға уақытша тыйым салынуда. Бұл шектеулер Каспий теңізінің Атырау облысына жататын бөлігінде, сондай-ақ Жайық және Қиғаш өзендерінің жекелеген учаскелерінде қолданылады. Мұндай шаралар облыстағы балық қорын сақтауға және көбейтуге бағытталған", - деді Сарғалиев.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату