Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Британиядан Қазақстанға миллиардтаған теңге аударылды

Ұлыбританиядан Қазақстанға ақша аударымдары күрт артты. 2025 жылғы мамыр айында бұл елден елімізге 3,6 миллиард теңге келіп түскен. Бұл – Ұлттық банк дерегіне сүйенген Data Hub талдаушыларының мәліметі.

Британиядан Қазақстанға миллиардтаған теңге аударылды

Британия осылайша 2017 жылдан бері алғаш рет Қазақстанға ең көп қаражат аударатын елдердің ондығына еніп отыр. Аударым көлемі жағынан Ұлыбритания бірден Ресейден кейінгі екінші орынға шықты. Ресейден сол айда 4,6 млрд теңге жіберілген.

Британиядан жасалған бір аударымның орташа сомасы – 362 мың теңге. Бұл Ресейден (281 мың теңге) келген қаражаттан да көп. Ең жоғары орташа сома – Әзербайжаннан: ол жақтан келген бір аударым шамамен 807 мың теңге.

Британиядан аударым тек сомасы жағынан ғана емес, саны жағынан да көп болды – 9,9 мың транзакция тіркелген. Бұл көрсеткіш бойынша Ұлыбритания Ресейден (16,5 мың) кейін екінші орында тұр. Үшінші орынды Германия (4,7 мың) иеленген.

Жалпы көлем бойынша келесі орында – Өзбекстан. Бұл елден Қазақстанға шамамен 2 миллиард теңге көлемінде ақша жіберілген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату