Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жалған қол қойып, 2 млрд теңге залал келтіргені үшін 3 адам сотталды

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Қазселденқорғау" мекемесінің бұрынғы басшысы әрі Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаев, оның орынбасары Әділет Ахатаев және мердігер компания директоры Андрей Поплавскийге қатысты үкім шығарды. Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралған.

Жалған қол қойып, 2 млрд теңге залал келтіргені үшін 3 адам сотталды
Фото: president.kg

Тергеу материалдарына сәйкес, Көкірекбаев пен Ахатаев мердігер Поплавскиймен алдын ала сөз байласқан. Олар нақты орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарына актілерге бөгетсіз қол қою үшін кәсіпкерден ірі көлемде пара алған.

Поплавский өз кезегінде шын мәнінде атқарылмаған жұмыстарға жалған құжаттар рәсімдеп, соны өткізуге көмектескен. Осы заңсыз әрекеттер салдарынан мемлекетке 1,98 миллиард теңгеден астам залал келген.

Алқабилердің шешімімен:

  • Кәрім Көкірекбаев – ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі бойынша,
  • Әділет Ахатаев – дәл осы баппен,
  • Андрей Поплавский – 195-баптың 4-бөлігі 2-тармағы және 367-баптың 4-бөлігі бойынша

кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен:

  • Көкірекбаев 12 жылға,
  • Ахатаев пен Поплавский әрқайсысы 11 жылға

бас бостандығынан айырылды.

Барлығы өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Айта кетейік, үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату